Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоқыстан аяқ алып жүре алмайды": Ақтауда теңізге демалуға барған тұрғындар наразылығын білдірді

Опубликовано:

жағажай11
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда теңізге шомылуға барған тұрғындар тұрмыстық қалдықтардан адам аяғын алып жүре алмайды деп шағымдануда. Арасында жағажайдың ластануына әкімдікті кіналайтындар да бар. Ал шенеуніктердің сөзінше, демалуға барғандар қоқысты тазаламай шашып кететін көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Ақтау жағажайындағы қоқыс туралы видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Кадрда су жағасының қоқыс полигонына айналғаны анық аңғарылады. Видео авторы бұл тегін жағажай болған соң ластанып жатыр дейді. Бейнежазбадан қоқыстардың арасында тұрғындардың еркін демалып жатқанын байқау қиын емес.

Аталған жағажай тегін болса да керектінің барлығымен жабдықталған. Автотұрақ, киім шешетін орын, қоқыс тастайтын жәшік те бар.

Ал тұрғындар қоқыс жәшіктерінің саны өте аз екенін айтып отыр.

Сонымен қатар әкімдіктің күн сайын тегін жағажайды жинауға 60-қа жуық жұмысшы жұмылдыратыны белгілі болды. Алайда олар бәрін тазалап үлгермейді екен. Өйткені теңіз жағасына бар болғаны 80 қоқыс жәшігі орнатылған. 

"Демалушылар өздерінен кейін қоқысты жәшікке тастамай, отырған жерінде тастау заңсыздығы көп орын алуда. Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарынан қала тазалығын сақтау мәдениеттілігіне шақырамыз", - деді Ақтау қалалық ТКШ бөлімнің бас маманы Бақтияр Мақсатов.

Қазір Ақтау қаласының аумағы мен теңіз жағалауында санитарлық-тазалық жұмыстарын жасайтын мекемені анықтау мақсатында байқау жарияланған. Конкурстың нәтижесінде мердігер мекеме анықталып, ол 3 жыл бойы тазалыққа жауапты болады. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978344-qoqystan-ayaq-alyp-zure-almaidy-aqtauda-tenizge-demaluga-bargan-turgyndar-narazylygyn-bildirdi/

pixel