Алматыда жол апатынан кейін екі жас жігіт аяусыз соққыға жығылған
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматыда жол бойында екі жігіттің соққыға жығылған сәтінен видео тарады. Бұл жайттан кейін жас жігіттер ауруханаға түскен. Полиция тергеу амалдарын бастаған. Дегенмен жәбірленушілердің туыстары шабуыл жасағандар жазадан құтылып кете ме, деп алаңдап отыр. Оқиғаның мән-жайын Астана арнасы хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, азаматтар арасындағы жанжал Бөкейханов көшесіндегі кішігірім жол апатынан кейін туындаған.
Желіде тараған видеодан алдымен жүргізушілер мен жолаушылардың сөзге келіп қалғанын, мұны соңы төбелеске ұласқанын байқауға болады. Салдарынан екі жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Жәбірленушілердің бірінің анасы жақын жерде куәгерлер болмаса, жігіттерді өлтіріп қоюы мүмкін еді деген пікірде.
"Ми шайқалған, бассүйек жарақтын алған, қатты көгерген жерлер бар, менің балам иығынан жарақат алған, тістері сынған. Мен түсінем, жолда небір жағдай болады. Жүргізушілер бір-бірінің жолын жауып, сөзге келіп жатады және бейәдеп сөздер де айтып жатады. Алайда дәл осылай аяусыз ұру деген - сұмдық. Бұл жағдай түнде болса, жанында куәгерлер болмаса, оларды сол жерде өлтіріп кетуші еді", - дейді жәбірленушінің анасы Елена Картавых.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, шабуыл жасағандардың жеке басы анықталған.
Қазіргі уақытта "Бұзалық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Олардың кінәсі дәлелденсе, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қазіргі уақытта жас жігіттердің алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар олардың қатысуымен істің объектив мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - дейді құзырлы органнан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978628-almatyda-zol-apatynan-keiin-eki-zas-zigit-ayausyz-soqqyga-zygylgan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.