Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік әйел тұрғын үй кезегін алға жылжыту үшін алаяққа ақша беріп, сан соғып қалды

Жарияланған күні:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа құрылыстан пәтерге кезек сатып алған Шымкент тұрғыны әкімдікке шағымданып, әділдікті талап етті. Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Otyrar.kz. басылымына сілтеме жасап.

Әйел Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваға 200 мың теңге жібергенін мәлімдеді. Осы сома үшін оған жаңа құрылыстағы пәтер кезегін жылдам алға жылжытуға уәде берген.

Алайда қала тұрғынының кезегі жылжымаған. Сондықтан әкімдікке ақшасын қайтарып алуды немесе уәде етілген тұрғын үйді берулерін талап етіп келген.

Әкімдікте әйелді Жанат Өтебаеваның өзі қарсы алды. Сөйлесе келе әйелдің телефон алаяқтарының құрбаны болғаны белгілі болды. Тұрғын үй басқармасы басшысының бұл іске ешқандай қатысы жоқ болып шықты.

"Әйел маған "міне, мен сізбен телефон арқылы сөйлескенде сіз менен ақша сұрадыңыз" дейді. Әрине, мен нөмірді көрсетуін сұрап, сол нөмірге бірден қоңырау шалдым.

Тұтқаның артындағы әйел маған өзін "тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева" деп таныстырғанда таңғалғанымды көрсеңіз. Мен оған пәтер алғым келетінін айтып едім, ол маған шарттарын айта бастады. Мен оған шыдай алмай, Жанат Өтебаева екенімді айтып едім, алаяқ әйел менің жер-жебіріме жетіп, тұтқаны қоя салды", деп бөлісті шенеунік.

Осы оқиғадан кейін мемлекеттік қызметкер полицияға жүгініп, тұрғын үй басқармасының жалған қызметкерін жазалауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978736-turgyn-ui-kezegin-satyp-algan-aiel-symkent-akimdigine-keldi/