Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент-Ақтау рейсінің жолаушылары әуежайда бір тәулікке жуық уақыт бөгелді

Опубликовано:

Жолаушылар әуежайда отыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"FlyArystan" әуе компаниясының 170-ке жуық жолаушысы Шымкенттен Ақтауға ұша алмай қалды. Техникалық себептерге байланысты рейстің уақыты бірнеше рет ауыстырылды. Ашуға булыққан жолаушылар әуежайда шу шығарды.

"FlyArystan" әуе компаниясының Шымкент-Ақтау рейсі жолаушыларының айтуынша, әуел бастан ұшу 15 шілде күні сағат 20:10-да жоспарланған. Көп ұзамай ол 02:50-ге шегерілді. Техникалық себептерге байланысты рейс қайтадан 05:00-ге ауыстырылды. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлады.

Жолаушылар әуежайға келгеннен кейін оларға рейстің тоқтатылғаны туралы хабарланып, әуе компанияның ештеңемен көмектесе алмайтыны айтылған.

171 жолаушының 70-і билеттерді кері қайтарды.

Қалған адамдар наразылықтарын білдіре бастады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келді. Жолаушылардың айтуынша, полиция ешқандай әрекет жасаған жоқ.

Әуе компаниясының өкілдері жолаушылармен кездесіп, оларға 1800 теңге сомаға азық-түлік талондарын, сондай-ақ қонақүйден орындар берді.

"FlyArystan" өкілдері хабарлағандай, Шымкент-Ақтау рейсі 23:50-ге (Шымкент уақыты бойынша) тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978855-symkent-aqtau-reisinin-zolausylary-auezaida-bir-taulikke-zuyq-uaqyt-bogeldi/

pixel