Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда аттракциондағы төтенше жағдайға қатысты тың дерек шықты

Опубликовано:

саябақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласында балалардың аттракционнан құлап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Атырау обыстық ӨКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулеттің мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова оқиға салдарынан төрт бүлдіршін балалар ауруханасына жеткізілгенін айтты. Абырой болғанда, олар ауыр жарақат алмаған. Сондықтан толық тексеру жүргізілген соң, балалардың үйіне қайтарылғаны белгілі болды.

Оның сөзінше, оң диагнозға қарамастан бүлдіршіндер учаскелік дәрігерлердің бақылауында.

Ал "Керемет жағалау" балалар ойын алаңының басқарушысы Манас Серікқалиев жарақат алған балалардың ата-аналарынан шағым түспегенін жеткізді.

"Бізге жарақат алған балалардың ата-аналары қолхатын берді. Олардың тарапынан шағым түскен жоқ. Зардап шеккен балалар үш күнге дейін біздің де бақылауымызда болады. Оқиғаның себебі мен салдары тексеру аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады. Әзірге ойын алаңы жабық", -деді Манас Серікқалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978896-atyrauda-balalar-otyrgan-attrakcionnyn-atkensegi-uzilip-ketti-oqigaga-qatysty-tyn-derekter-paida-boldy/

pixel