Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін ата-анасының көзінше ұрып жіберген маңғыстаулық сот алдына келді

Опубликовано:

Отбасылық жанжал
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстау облысында ата-анасының көзінше әйелін ұрып жіберген ер адам сот алдында жауап берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Мой город".

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қарақия ауданында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Ер адам ата-анасының үйіне қонаққа келген уақытта әйелін ұрып жіберген. Оның іс-әрекеті "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қарастырылған.

Алайда сот отырысында жергілікті тұрғын әйелінен кешірім сұраған. Жұбайы оны кешірді. Сот тараптардың татуласуына байланысты ер адамды әкімшілік жауапкершіліктен босатты. Осылайша әкімшілік іс тоқтатылған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978925-aielin-ata-anasynyn-kozinse-uryp-zibergen-mangystaulyq-sot-aldyna-keldi/

pixel