Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өзгенің 230-дан астам қойын сатып жіберген қойшы ұсталды

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған малды 16 миллион теңгеге сатып жіберген. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Ер адамның сөзінше, қойшыға асыл тұқымды малдарын сеніп тапсырған. Алайда мал басын түгелдеуге барғанда, олардың санының азайғанын аңғарыпты.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 380 000 теңгені құраған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жұмысының нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде қойшы ұсталды. Ол Арыс ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылдан бері 230-дан астам ұсақ малды 4-5-тен сатып, ақшасын жаратып жіберген.

Қазіргі кезде қойшы қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978948-turkistan-oblysynda-botennin-230-dan-astam-qoiyn-satyp-zibergen-qoisy-ustaldy/

pixel