jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бұқтырма су қоймасында 24 адам отырған катер аударылды: Полиция тергеуді бастады

Аударылған катер
Аударылып, суға бат бастаған катер. Видеодан кадр: shygysqaz_tjd

Бұқтырма су қоймасында ішінде адамдар болған катерді су басу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

"Аталған факті бойынша 2022 жылғы 17 шілдеде Қылмыстық кодекстің 344 бабы 1-бөлігі ("Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама жүргізілуде", – деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бұқтырма су қоймасында жолаушылар катері дауылдан аударылып, ішіндегі адамдар суға батып кете жаздағанын хабарлаған едік.

Бортта 24 адам болған, оның ішінде 21 жолаушы және үш экипаж мүшесі бар. Абырой болғанда барлығы құтқарылып, жағаға шығарылған.

Бұқтырма су қоймасында 24 адам отырған катер аударылды: Полиция тергеуді бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.