Түркістан облысында өрт шыққан ғимарат төбесінен туды алған жігіттің видеосы тарады
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрдан ер адамның өрт шыққан ғимараттың төбесіне шығып, мемлекеттік туды алғанын байқауға болады. Желіде тараған видеоға облыстық ТЖД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде жарияланған видеодан түтіндеп жатқан ғимараттың төбесінде әлдебір адамның мемлекеттік туды жанталаса алып, төмендегілерге лақтырғанын байқауға болады.
Түркістан облыстық ТЖД-ның мәліметінше, өз өмірін қатерге тігіп, шатырға шығып, туды алған жігіт Жұмыспен қамту орталығының қызметкері.
Белгілі болғандай, 17 шілде күні сағат 13.45-те Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы Жұмыспен қамту орталығы мен дүкен орналасқан бір қабатты ғимараттың шатырынан өрт шыққан.
Өрт 413 шаршы метр аумақты шарпыған, 16:15-те толығымен сөндірілген.
Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979026-turkistan-oblysynda-ortenip-zatqan-gimarat-tobesinen-tudy-algan-zigittin-videosy-tarady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.