Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Буаз бие еді": Алматы облысында ер адам жол талғамайтын көлікпен жылқыны әдейі басқан

Опубликовано:

жылқыны басып өткен
Оқиға орнынан түсірілген видеодан кадр: instagram.com/krispi.almaty

Желіде Алматы маңында жол талғамайтын көлік мінген ер адамның жылқыны аяусыз, әдейі басқан жантүршігерлік видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елді дүрліктірген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Кадрдан ер адамның жол талғамайтын көлікпен жолда жатқан жылқыны әдейі басып жатқанын байқауға болады.

"Өзі буаз бие еді, баласы ішінен шығып кетті", – делінген желідегі видео жазбасында.

Автордың жазуынша, аяусыз жайттан кейін жылқы сол жерде өлген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, желіде тараған видео 16 шілде күні Іле ауданы Междуречинск ауылында түсірілген. Оқиға ер адам көршісімен ұрысып, бақшасына кіріп кеткен жылқыларды қуып шығаруға тырысқан кезде болған.

"Мән-жайды анықтау кезінде Toyota Land Cruiser көлігінің рөлінде Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды. Ол көршісімен жанжалдасып, оның жылқысын көлігімен әдейі басқан.

Ер адам ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол өзінің түсініктемесінде бақшасында жайылып жүрген 20-ға жуық жылқыны шығаруға тырысқанын жазған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Құзырлы орган ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979038-buaz-bie-edi-almaty-oblysynda-zol-talgamaityn-kolikpen-zylqyny-adeii-basqan-er-adam-kopsiliktin-asuyna-tidi/

pixel