jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Екі елдің құжатымен жүрген байқоңырлық ару 600 мың теңгеден астам айыппұл арқалады

Төлқұжат
Көрнекі фото: piqsels.com

Байқоңырда қос елдің азаматтығын алған бойжеткен анықталды. Енді оған жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, биыл шілде айында Байқоңырдағы ІІМ өкілдігі көші-қон қызметінің қызметкерлері құжат тексеру кезінде 26 жастағы қала тұрғыны белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламағанын анықтады.

Шетелдіктен Қазақстан азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленді.

"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушы ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 612 600 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресейлік азамат 13 жыл бойы Қазақстан азаматының құжаттарын қолданғаны жайлы жазған болатынбыз.

Екі елдің құжатымен жүрген байқоңырлық ару 600 мың теңгеден астам айыппұл арқалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.