Өрт қаупі, бұршақ, 42 градус ыстық: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, 20 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
20 шілдеде Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Аймақтың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
20 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 шілдеде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде соққан жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болуы мүмкін, облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
20 шілдеде Қарағанды облысының батысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
20 шілдеде Атырау облысының шығысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
20 шілдеде Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 16 м/с жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979214-ort-qaupi-bursaq-42-gradus-ystyq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/