Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімдігі: Қалада шекер жеткілікті көлемде, алаңдауға негіз жоқ

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент әкімдігі қала тұрғындарына қант тапшылығы болады деп алаңдауға еш негіз жоқтығын мәлімдеді. Өңірде шекер жеткілікті көлемде, дейді құзырлы мекеме.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорының айналым бағыты негізінде Magnum Cash&Carry ЖШС-мен келісімшарт жасалған.

Келісімшарт негізінде, әр тоқсан сайын әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарына комиссия шешіміне сәйкес бағалар бекітіледі.

Бүгінде келісімшарт талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 18 сауда желісінде құмшекердің бөлшек бағасы 440 теңгені құрайды. Бұл баға қала аумағында төмен бағалардың бірі болғандықтан "спекуляцияны" болдырмау мақсатында бір адамға берілетін шекер көлеміне шектеу қойылған. Сол себепті шекермен тұрғындарды қамту кезек бойынша берілуде.

"Қазіргі таңда Шымкент қаласында шекер жеткілікті көлемде және тұрғындардың "қант тапшылығы болады деп" негізсіз дүрлігуге бармауын сұраймыз", - дейді әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979341-symkent-akimdigi-qalada-seker-zetkilikti-kolemde-alandauga-negiz-zoq/