Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 43 градус ыстық: Бейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 21 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонның әсерінен бүгін еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады.

Одан бөлек күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысының орталығында қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар мамандар бүгін Шымкентте де аптап ыстық күтілетінін хабарлады. Күндіз еліміздің үшінші мегаполисінде сынап бағанасы 41-43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан бөлек қалада екпіні 8-13 м/с-қа жететін қатты жел тұруы мүмкін.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда да бүгін жел тұруы мүмкін. Елордада желдің екпіні 7-12 м/с-қа дейін, оңтүстік астанада 2-7 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ күндіз ел астанасында 26-28 градус, Алматыда 36-38 градус ыстық күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979444-symkentte-43-gradus-ystyq-beisenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel