Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатты Ашық НҚА порталынан табуға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Құжат мәтініне сәйкес, Қазақстандағы мерекелер тізбесіне бір жаңа күн – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні кіруі мүмкін.
Мереке күні шартты түрде 16 сәуірге белгіленді.
Егер ол қабылданса, мереке жыл сайын аталып өтіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаулысының жобасына түсіндірме хатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері "Қазақстан халқын тәулік бойы жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалап, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және күтеді" делінген.
Министрлікте атап өткендей, мұның бәрі "азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды".
Сонымен қатар ведомство бұған дейін КСРО кезінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қызметкерлер күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгенін еске салды.
Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресей, Беларусь, Украина және Өзбекстанда ғана сақталып қалды. Жоғарыда аталған құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979566-elimizde-zana-mereke-paida-boluy-mumkin/