Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

72 жастағы қария Ұлытаудан Петропавлға дейін жаяу барды (видео)

Опубликовано:

қария
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

72 жастағы қария төрт жарым мың шақырымды артқа тастап, Петропавл қаласына жетті. Ұлытаулық марафоншы Сәрсенбай Қотырашев осылайша Қазақстанды жаяу аралап шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қария сапарын сәуір айында бастаған.

Алғашқы кезде Сәрсенбай Қотырашев тәулігіне 30-40 шақырымнан жүріп отырған. Қазір күннің ыстығына байланысты жылдамдықты азайтым, дейді ол.

Қарт марафоншының сөзінше, бұл сапарға 6 жыл бұрын дайындықты бастаған.

Бірақ жанұясы оның денсаулығына алаңдап, шешімін өзгертуге тырысыпты.

Дегенмен 3 мақсат қойған қария алған бетінен қайтпаған.

  • Ол ұзақ жолда келе жатып, кездескен жанға өзі туған Ұлытау тарихын, оның табиғатын   әңгімелеген.
  • Сонымен қатар қария сапар кезінде әлем деңгейінде көрме ұйымдастыру үшін қолөнер шеберлері туралы мәлімет жинап жүргенін жеткізді.
  • Оның тағы бір көздегені жұрт назарын көне мереке Қымыз мейрамына аудару. Қария бұл мереке күнтізбеге енсе деп армандайтынын жасырған жоқ.

Саяхатшының қолында өзі жасаған арбасы бар. Оған жолға қажетті төсегін, тамағын және қымыз салып алған.

"Ең бастысы, адамның өзінің мақсатына байланысты. Адам мақсат қойса, оған жетеді. Мақсат жоқ жерде жеңіс болмайды. Ең бастысы алға мақсат қою және сол мақсатты талаптанып орындай білу", - деді саяхатшы Сәрсенбай Қотырашев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979707-72-zastagy-qariya-ulytaudan-petropavlga-deiin-zayau-bardy-video/

pixel