Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana әуекомпаниясына неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Әуе кемеесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі, жолаушы құқығының бұзылуы және азаматтардан көптеген өтініш түсуіне байланысты жарияланған тергеудің нәтижесін мәлім етті. Оған сәйкес, Air Astana әуекомпаниясына айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің Телеграм каналына сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, жолаушылар арасында резонанс тудырған рейстердің кешігуіне байланыстыу 18 шілдеде комитет төрағасы Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясымен шұғыл жиналыс өткізді.

Жиын барысында авиакомпанияға әуе кемелерін коммерциялық жоспарлаудағы кемшіліктері көрсетіліп, тұрақты рейстердің орындалмауына жол бермеу туралы айтылды.

Сонымен қатар әуе кемелерінің жедел ауыстырылмауы, рейстердің кешігуі кезінде авиакомпания қызметкерлері тарапынан жылдам түсіндірмелік жұмыстардың жүргізілмеуі сынды кемшіліктері көрсетілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша Air Astana әуекомпаниясы резервті қамтамасыз ету үшін тұрақты рейстер кешіктірілген кезде ғана пайдаланылатын арнайы жеке әуе кемесін бөлді.

Қазақстандық ірі авиакомпаниялардың акционері ретінде “Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ әуе кемелерін алуды жоспарлау жөніндегі жұмысты күшейтуі қажеттілігі айтылды.

Сонымен қатар 21 шілдеде өзара іс-қимылды нығайту мақсатында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Эйр Астана" авиакомпаниясы, Алматы және Орал қалалары әуежайларының қатысуымен кеңестер өткізілді.

16 шілдеге жоспарланған Алматы - Мале рейсінің ұзақ кешігуіне байланысты жедел түрде екі күн ішінде тергеу жүргізілді.

Оның қорытындысы бойынша осы рейстің жолаушыларының 15 сағаттан артық күткені анықталды.

Рейсті күту кезінде жолаушыларға "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда қонақ үйде тұру бойынша қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған.

Осыған орай 2022 жылғы 21 шілдеде авиакомпанияға қатысты әкімшілік іс қозғалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (1 АЕК = 3 063 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Осы уақытқа дейін комитетке барлығы 150-ге жуық өтініш келіп түсті, олардың әрқайсысы бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979881-air-astana-auekompaniyasyna-nelikten-aiyppul-salyngany-belgili-boldy/