Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында атыс болды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында атыстан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түскен.

Тексеру кезінде медициналық мекемеге 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр" , - делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта күдіктілер іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979902-almaty-oblysynda-atys-boldy/

pixel