Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нәтижелі жұмыс: 125 High School мектебінің үздік мұғаліміне көлік сыйланды

Опубликовано:

125 High School
Фото: NUR.KZ

Ұстаз – әр адамның өміріндегі маңызды тұлға болып саналады, себебі дәл осы мұғалімнің берген білімі арқылы кез келген адам өмірде өз жолын таба алады. 125 High School жекеменшік мектебінде тек білімге ғана емес, ұстаздарды ынталандыруға да көп көңіл бөлінеді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Мектеп өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға 125 High School мектептер желісінің әрбірінен үздік мұғалімдер қатысты. Қазіргі таңда желі Қазақстанның түрлі 9 қаласында жұмыс жасауда, барлығы 16 мектеп іске қосылған. Ташкент қаласында да мектептің бір бөлімі жұмыс істеуде.

125 High School құрылтайшысы Әлібек Есеновтың айтуынша, жекеменшік мектептің тарихы 2011 жылдан бастау алады – сол жылдары ол Таразда балаларға арналған шағын дамыту орталығы болған. 2019 жылы 125 High School мектептер желісінің алғашқысы ашылып, ол құзырлы министрліктен оқушыларға мектепті бітіргені жайлы аттестат беру үшін арнайы лицензия алады.

125 High School
Фото: NUR.KZ

Уақыт өте келе мектептер елдің түрлі қалаларында ашыла бастады. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлік аталған мектептер желісі бар – әзірге білім ошағы тек ел астанасы мен Ақтауда ғана жоқ. Ал биылғы жылы өзінің алғаш оқушыларын Ташкенттегі жаңа мектеп қарсы алмақ.

"Біз оқушылар мен ұстаздарға барлық жағдайларды жасаймыз, бұл ретте біз сапалы білімді көптеген ата-анаға қолжетімді бағада ұсынып отырмыз, біздің мектептегі оқу ақысы – курстардың оқу ақысын бірдей. Біздің мектепте балалар күнімен болады, бұл жұмыстағы, балаларды уақытында алып кете алмайтын ата-аналарға өте қолайлы жағдай. Мәселен олар мектепте үй тапсырмасын орындай алады", - дейді ол.
125 High School
Фото: NUR.KZ

Құрылтайшының сөзінше, 125 High School түлектері Қазақстан, Еуропа, Ұлыбритания, Азия және АҚШ-тың үздік оқу орындарына түседі. Әсіресе Алтын белгімен бітірген балаларға мүмкіндіктер көп көрінеді, мысалы орта есеппен 300 түлектің 20%-ға жуығы мектепті үздік бітіреді екен.

Сол сияқты мамандық таңдап үлгермеген түлектер үшін кәсіби бейімделу бар. Мектепте кәсіби жолда балаға көмектесе алатын, таланттары мен бойындағы ерекше қасиеттерін байқап, оны дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері шахмат, жүзу сынды түрлі спорт түрлерін үйретіп, оқушылардың жан-жақты болуына атсалысады.

Бұдан бөлек ұстаздардың дамуы да басты назарда. Мәселен мұғалімдерге компания есебінен қосымша оқуға және біліктілікті көтеру үшін шетелге жіберілетін мүмкіндіктер қарастырылған. Бұған қоса, ұстаздар тек сабақ беріп қана қоймай, үздік нәтиже көрсету үшін де бірқатар ынталандыру шаралары қарастырылған.

125 High School
Фото: NUR.KZ

Мысалы компанияның 10 жылдығы құрметіне Hyundai Elantra көлігі ойнатылып, ол үздік педагокқа табысталды. Жеңімпазды анықтау үшін оқушылардың оқу үлгерімі қаралды.

Жаңа көлік иесі ретінде Тараздағы 125 High School мектебінің биология пәні мұғалімі Кәмшат Әбдіқадір танылды. Ұстаздың айтуынша, ол өз жұмысын қатты ұнатады екен.

"Біздің мектептің атмосферасы ерекше, барлық ұстаздар еңбекқор және олар әр оқушыға шынайы көңілмен жаны ашып тұрады, сондай-ақ бір-бірін үнемі қолдап отырады. Бізге білімге құштар балалар келеді. Мысалы мен әр сыныпта 20 оқушы бар, екі сыныпқа сабақ беремін, сол екі сыныптың біреуі – менің пәнім бойынша кілең үздіктер, ал екінші сыныпта 20 баланың ішінде 14-і сабақты жақсы оқитын үздік оқушылар", - дейді Кәмшат Әбдіқадір.
125 High School
Фото: NUR.KZ

Ұстаздың сөзінше, кейбір балалардың биология пәніне деген қызығушылығы бастапқыда болмаған, алайда сабаққа қатыса келе, олар пәнге қызығып, оны үзбей оқып, білімдерін жетілдірген.

"Менің мұндай нәтиже көрсетуім – оқушыларымның арқасы деп білемін, сол себепті оларға алғыс айтамын, олар маған сенеді әрі үнемі қолдау көрсетеді. Менің ойымша бастысы – өз жұмысыңды, оқушыларыңды жақсы көру, сонда ғана жұмыс нәтижелі болады", - дейді Кәмшат Әбдіқадір.

Бүдан бөлек, құрмет грамоталарымен 125 High School мектептер желісінің әрбір директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұстаздар марапатталды. Сонымен бірге шетелге 22 жолдама берілген. Ал жылдың үздік мектебі мәртебесін биыл Орал қаласының 125 High School мектебі иеленіп, 1 000 000 теңге жеңіп алды.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979962-natizeli-zumys-125-high-school-mektebinin-uzdik-mugalimine-kolik-syilandy/

pixel