Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық жігіт полицейлерге тіл тигізгені үшін көпшіліктен кешірім сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Қостанайлық полиция қызметкерлерінен кешірім сұрады
Скриншот: Instagram

Бұған дейін Қостанайда полицейлерге тіл тигізгені үшін ұсталған жас жігіт тәртіп сақшылары мен қала тұрғындарынан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Қостанайдағы қалалық жағажайда болған. Онда полиция мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушіні тоқтатқаннан кейін барып ол нөмірін таққан.

Тәртіп сақшылары хаттама толтыра бастағанда, жас жігіт бейәдеп сөздер айтып, полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, жасыруға тырысқан. Кейін ол ұсталады.

Кеше TikTok желісінде ер адамның көпшілік алдында кешірім сұраған видеосы жарияланды.

"Қалалық жағажайда тәртіп сақшыларына дөрекілік көрсеткеніме және қоғамдық ортада өзімді агрессивті ұстағаным үшін полиция қызметкерлерінен және Қостанай тұрғындарынан кешірім сұраймын", – деді ол.

Жас жігіттің айтуынша, сол күні ол жол-көлік оқиғасына түсіп қалған. Ол өз іс-әрекетін осылай ақтаған.

"Мен полиция қызметкерлері мен Қостанай тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен бәріңізді жақсы көремін және құрметтеймін, мен негізі сондай ақымақ емеспін", – деп толықтырды жігіт.

Оның кешірім сұрап жазған видеожазбасы жергілікті Instagram парақшаларына тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979999-qostanailyq-zigit-policeilerge-til-tigizgeni-usin-kopsilikten-kesirim-surady-video/