Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кей азаматтарға айыппұл төлеу кезіндегі 50 пайыздық жеңілдікті алып тастау жоспарлануда

Жарияланған күні:

Көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілдері кейбір қазақстандықтар үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін күнтізбелік жыл ішінде 5 реттен астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға 50 пайыздық жеңілдікпен әкімшілік айыппұлды төлеу мүмкіндігін алып тастауға (...) түзетулер енгізуде", - дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар министрлік өкілі қала сыртындағы жолдарда "орташа жылдамдықты" асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер қарастырылып жатқанын да хабарлады.

Мұраталиев 2022 жылғы 9 қыркүйектен бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енетінін еске салды. Онда мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті қайта айдағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл немесе көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған.

Одан бөлек, көлік құралын көрінеу жалған немесе жалған нөмірмен басқарғаны үшін де жауапкершілік күшейтілді.

Енді мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл салынбайды. Яғни бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда айыппұлды 50 пайыдық жеңілдікпен құқық бұзушылық тіркелген күннен бастап жеті күн ішінде ғана төлеуге болады, сондай-ақ:

  • құқық бұзушылық фактісін мойындау;
  • айыппұлдың 50 пайызын
  • төлеу туралы келісім;
  • ұсынылған дәлелдемелерге шағымданбау шарттары орындалған кезде іске асады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980054-qazaqstanda-kei-azamattarga-aiyppul-toleu-kezindegi-50-paiyzdyq-zenildikti-alyp-tastau-zosparlanuda/