Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пара алды деп айыпталған мектеп директорына 6 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Майлыкент орта мектебінің директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мектеп директоры ағылшын тілі мұғалімінен жұмысқа орналастыру және қызмет барысындағы жалпы қамқорлығы үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталған.

21 шілдеде Түлкібас аудандық сотында директорға қатысты сот үкімі шыққан.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 6 млн теңге айыппұл салған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980063-turkistan-oblysynda-para-aldy-dep-aiyptalgan-mektep-direktoryna-sot-ukimi-syqty/

pixel