Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау қашан басталады

Жарияланған күні:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Shymkent resmi сайты Instagram парақшасында хабарлады.

Жергілікті сайттың мәліметінше, жастар бағдарламасына өтінім қабылдау 28 шілде сағат 09.00-бен 29 шілде сағат 19.00 аралығында жүргізіледі.

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан.

Бағдарлама талаптарына сәйкес, қатысушының тұрақты жұмысы болуы керек әрі жасы 29-ға толмаған болуы тиіс. Одан бөлек атында соңғы 2 жылда Қазақстан аумағында тіркелген тұрғын үй болмауы қажет, сонымен қатар ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (122 520 теңгеден) асуы шарт.

Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі төмендегідей:

  • өтініш берушінің білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  • жұмыс орнынан анықтама;
  • өтініш берушінің соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама яғни ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын анықтама;
  • Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);
  • банктік шоттың нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
  • өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Бағдарламаға қатысушылар "kezekte.kz" электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980111-symkentte-satyp-alu-quqygynsyz-zalga-beriletin-paterge-otinim-qabyldau-qasan-bastalady/