Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тендерлерде жеңуге уәде берген": Алматы тұрғыны алаяқтық жолмен 300 млн теңге алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Алматыда тендерлерде жеңемін деп қала тұрғындарын 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Әуезов ауданының полицейлері алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С.есімді азаматшаны ұстады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті "жақсы таныстарына" сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген.

"Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде С.есімді азаматшаның қатысы бар бес қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңгені құрайды. Күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980134-tenderlerde-zenuge-uade-bergen-almaty-turgyny-alayaqtyq-zolmen-300-mln-tenge-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel