Айжан Байзақованың қатысуымен болған жол апатына Алматы полициясы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Айжан Байзақова мен оның бауыры Әлихан бүгін жол апатына ұшырады. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған еді. Жол көлік оқиғасына қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айжан мен Әлиханның сөзінше, олар көлік жүргізу кезінде есінен танып қалған адамға көмектескен. Жүргізушіні оята бастаған уақытта ол есін жинап, үреймен газды басып жіберді. Нәтижесінде Tesla көлігі Айжан Байзақованың көлігіне соқтығысқан.
Бұл жағдайға пікір білдірген Алматы қаласының полиция департаменті жол көлік апаты бүгін, 26 шілдеде сағат шамамен 15:00-де болғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Volkswagen көлігі әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Оны 1965 жылы туған жүргізушінің тізгіндегені белгілі болды.
Қозыбаев көшесіне жетпей көлік арнайы белгіні кесіп кеткен.
"Оқиғаны көрген Mercedes Gelandewagen және Tesla маркалы көліктерінің жүргізушілері көмек қолын созған", - делінген хабарламада.
Бұл уақытта неміс көлігінің рөлінде отырған жүргізуші ес-түссіз болған, алайда ол бірден өзіне келіп, газды автоматты түрде басқан. Осылайша, екі көлікке соқтығысқан.
Ведомство мәліметінше, Volkswagen жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған оқиғаны тергеумен Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері айналыспақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980295-aizan-baizaqovanyn-qatysuymen-bolgan-zol-apatyna-almaty-qalasynyn-policiyasy-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.