Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүрілетін болды
Жарияланған күні:
Алматының Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған "Жайсан" тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астананың әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған болатын.
Әкімдік Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдағанын хабарлады.
"Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980371-almatyda-zansyz-salyngan-turgyn-ui-keseni-suriletin-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.