Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда қоластындағы қызметкерден ақша талап етті деген күдікпен бөлім басшысы ұсталды

Опубликовано:

тексеру
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері қарамағындағы қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, Келес ауданының тұрғыны полицияға шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірген.

Онда бөлім жетекшісі қызметін пайдаланып, ірі көлемде ақша талап еткені жазылған.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тіркелді.

Осыдан кейін қылмысты ашу мақсатында криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары Келес ауданы Абай елдімекенінде күдіктіні бір миллион теңге алып жатқан сәтінде ұстады.

Тінту кезінде тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980378-turkistanda-qolastyndagy-qyzmetkerden-aqsa-talap-etti-degen-kudikpen-bolim-bassysy-ustaldy/

pixel