Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы тәулікте аптап ыстықтың беті қайтады

Опубликовано:

сынап бағанасы
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жел күшейіп, республиканың кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Сондай-ақ мамандар солтүстікте күндіз ауа температурасы төмендеп, бұл өз кезегінде елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал ететінін атап өтті.

Одан бөлек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33°С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыста +25 +35°С-тан +19+29°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін төмендемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980420-elimizde-aldagy-taulikte-aptap-ystyqtyn-beti-qaitady/

pixel