Ақтауда жауын-шашын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Ақтауда жауын-шашын салдарынан көшелер мен "Сары базарды" су басты. Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын видеоға түсіріп алған. Қалалық әкімдік коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Lada.kz.
Басылым дерегінше, нөсерден кейін 5-ықшамаудандағы ағаш құлап, электр желісіне байланысты ақаулар пайда болған. Ал 14-ықшамаудан тұрғындары жарықсыз қалдық деп шағымданған.
Одан бөлек нөсерден "Сары базардағы" сауда нүктелерінің жанында "өзен" пайда болған.
Ақтау әкімдігі басылымға коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған. Қызметкерлер түні бойы қатты жауын-шашынның салдарын жою жұмыстарын жүргізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980635-aqtauda-zauyn-sasyn-saldarynan-koselerdi-su-basty-foto-video/