Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда өтіп бара жатқан адамдарды тонаған пышақпен қаруланған жастар ұсталды. Олар өз кінәсін мойындаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Медеу ауданы полиция қызметкерлері сериялық тонау дерегін анықтаған.

"ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармағында көзделген – тонау, яғни ұрлық мақсатында бөтеннің мүлкіне күш қолдану арқылы адамдар тобының сөз байласуы бойынша қару қолданумен жасалған ұрлық, қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 17 жастағы Д. есімді азамат, Ж. есімді азамат, Н. есімді азамат және 19 жастағы Б. есімді азамат ұсталды.

Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған. Бір қызығы, "квартет" саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген. Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған адамдар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады", - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Алматы қаласы бойынша осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980681-almatyda-pysaqpen-qarulangan-zastar-otip-bara-zatqan-adamdardy-tonagan/

pixel