Найзағай, аптап ыстық: Жұмада еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер еліміздің үш ірі қаласында бүгін, 29 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады. Ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Сынап бағаналары 19-21 градус жылыны көрсетеді.
Алматыда 29 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы 31-33 градусқа дейін көтеріледі. Соққан желдің күші 3-8 м/с жетеді.
Шымкентте бүгін жауын-шашын түспейді, дегенмен қалада күн райы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Сондай-ақ жел соғып, күші 8-13 м/с дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980760-naizagai-aptap-ystyq-zumada-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/