jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Аяғын сындырады": Семейде асфальттың үстіне қиыршық тас төсегендер жұрттың ашуын келтірді

Семей
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Семей қаласының маңында тұрғындар асфальттың үстіне қиыршық тас төсегендердің қылығына наразылық білдірді. Олар жергілікті биліктен талай жыл жөндеу көрмеген жолды қайтарып беруді талап етуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Бұл жолмен қалай жүреміз? Үлкен кісілер бірдеңе қылып жүрерміз. Ал балалар осымен жаяу жүреді. Құлайтын болса, аяқтарын сындырады. Жолды тезірек жасасын", - деді Березовский ауылының тұрғыны Мұратхан Мұқажанов.

Белгілі болғандай, Березовский ауылының орталық көшесіне жол жөндеуге жауапты компания асфальт үстіне қиыршық тас төсеумен ғана шектелген.

Жергілікті тұрғындар көліктің өзі "жаңа жолмен" әрең жүреді деп отыр. Өйткені жолға төселген қиыршық тастар машина дөңгелегін тіліп түсуі мүмкін.

Бұған қатысты Семей қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді.

"Асфальт үстіне қиыршық тас шынымен төселді ме? Оны біз анықтаймыз. Осы жұмыстарды жүргізген мердігер мекемемен сөйлесетін боламыз. Алдағы уақытты оның бәрі талданады", - дейді ведомствоның бас маманы Жасар Түсіпов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

"Аяғын сындырады": Семейде асфальттың үстіне қиыршық тас төсегендер жұрттың ашуын келтірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.