Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Fly Arystan рейсі кешіккені үшін Air Astana әуе компаниясына айыппұл салынды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін бірқатар әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Азаматтық авиация комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті "Қазақстанның Авиация әкімшілігі" акционерлік қоғамымен бірлесіп көптеген рейстің кешігуіне және жолаушылардан түскен шағымдарға байланысты тексерісті жалғастырып жатыр.

Тексеріс барысында биыл 5 маусымда Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan әуе тасымалдаушысының Алматы – Шымкент бағыты бойынша КС-7105 рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені анықталды.

Аталған рейстің жолаушыларына ұшуды күту кезінде "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақ үйде орналастыру қызметі дұрыс деңгейде көрсетілмеген.

Осыған байланысты 28 шілдеде, компанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, оған сәйкес компанияға 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы 7 және 21 шілдеде рейсті кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1000 АЕК (3 000 063 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы биыл Air Astana компаниялар тобы рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қазіргі уақытта рейстің кешігуіне және жолаушылар құқықтарының бұзылуына байланысты тергеу жалғасуда, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980816-fly-arystan-reisi-kesikkeni-usin-air-astana-aue-kompaniyasyna-aiyppul-salyndy/

pixel