Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейге жұмысқа барып, хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық табылды

Опубликовано:

Түркістан тұрғыны
Видеодан кадр: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

46 жастағы қазақстандық азамат Ресейге жұмысқа аттанып, хабар-ошарсыз кеткен. Полицияға ұлының жоғалғаны туралы оның анасы шағымданған. Тәртіп сақшылары ер адамды тапты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жергілікті тұрғын 46 жастағы баласының Ресейге жұмысқа кетіп, 1 жыл бойы қайта оралмағаны туралы полицияға арызданған. Ал анасының із-түзсіз кеткен баласын іздеп жүргеніне шамамен 1 айдан астам уақыт болған.

Түркістан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері облыс көлемінде, одан соң Қазақстан аумағы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейткен. Ресейде жұмыс бабымен болуы мүмкін деген болжамды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жіберілген.

Нәтижесінде полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты.

Белгілі болғандай, ер адам Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан.

Сондай-ақ азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтқан. Қазіргі таңда ол үйіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980834-reseige-zumysqa-baryp-xabar-osarsyz-ketken-qazaqstandyq-tabyldy/