Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дәрігерлер 11 жасар баладан зорлық белгілерін анықтады

Опубликовано:

бала11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық дәрігер қабылдауға келген 11 жасар баладан зорлық белгілерін анықтаған. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының басшысы Дина Смаилова өз Facebook парақшасында жазды.

Дина Смаилованың (Таңсәрі) сөзінше, зардап шеккен бала ауырсыну сезініп, туысымен бірге дәрігерге барған.

"Дәрігер баланы қарап, оны бірнеше рет зорлағанын түсінген. Оған хирургиялық араласу қажет", - деді Смаилова.

Сондай-ақ ақ халатты бас дәрігерге рапорт жазып, қылмыс туралы хабарлаған. Барлық ақпарат Алматы полициясының бастығы Арыстанғали Заппаров пен қалалық прокуратураға жолданған.

Смаилова аталған факті бойынша тексеріс басталып, жедел топ жасақталғанын айтты. Осы мәселеге байланысты NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

Ведомствода аталған факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі ("Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тіркелгенін хабарлады.

"Тергеу барысында қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, істің шынайы мән-жайы анықталады. Қағидаттық баға беріледі және факт расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деп атап өтті департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980838-almatyda-darigerler-11-zastagy-baladan-zorlyq-belgilerin-anyqtady/

pixel