Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорламақ болды": Алматыда көлік жүргізушісі көмек сұрап, жылаған бейтаныс қызды құтқарып қалды

Опубликовано:

бойжеткен
Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Алматыда көліктің бейнекамерасына жазылып қалған видео пайда болды. Онда бойжеткен жолға жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан жүргізушіден көмек сұраған. Ол өзін әлдебіреулер зорламақ болғанын айтқан. Осыған қатысты полиция тергеу бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнетіркегішке жазылып қалған видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарала бастады. Атап айтқанда, бейнежазба журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жарияланған.

Бейнежазбада қыздың көлікке қарай жүгіріп, жүргізушіден көмек сұрағаны көрінеді.

Журналистің айтуынша, видеоны оған 28 шілде күні өзінен көшеге жүгіріп шыққан бейтаныс бойжеткен көмек сұрағанын айтқан көлік жүргізушісі жіберген.

Оның артынан бір жігіт жүгіріп келген, бірақ жүргізуші қызды көлікке мінгізіп, әкеткен. Бойжеткеннің сөзінше, екі жігіт өзін сол жерге алдап әкеліп, зорламақ болған. Бірақ ол қашып үлгерген.

Бұл жайтқа қатысты NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, полицейлер 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға әрекеттену фактісін тіркеген. Істі Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарап жатыр.

"Жәбірленуші өзінің таныстарының бірінен күдіктеніп отыр, сол оқиғадан бұрын олар бірге ішімдік ішкен. Мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полицейлер жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады.

"Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басшылығының бақылауына алынды", - деп қосты полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980843-zorlamaq-boldy-almatyda-kolik-zurgizusisi-komek-surap-zylagan-beitanys-qyzdy-qutqaryp-qaldy/

pixel