Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Былтыр елімізде 3,5 мың ер адам декреттік демалысқа шыққан

Опубликовано:

Елімізде декретке шыққан еркектер бар
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бас директоры Нұрсұлу Кемел ОКҚ брифингінде бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алу шарттарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрсұлу Кемел бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру қатысушысына және бір жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын ата-анаға төленетінін хабарлады. Яғни мұндай жәрдемақы алуға өтінішті баланың анасы немесе әкесі бере алады.

"Егер дүниеге келген балаға әкесі қамқорлық жасайтын болса және ол жұмыста декреттік демалысқа шығып, сәйкесінше табысын жоғалтса, онда мұндай төлемді алуға әкесінің мүмкіндігі бар. Бірақ мұндай жәрдемақы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған ата-анаға ғана төленеді", – деп атап өтті спикер.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры директорының айтуынша, өткен жылы 385 мың азаматқа осындай жәрдемақы тағайындалған.

"Оның 3,5 мыңға жуығы бір жылға дейін бала күтімімен айналысуға шешім қабылдаған және осыған байланысты табысынан айырылған ер адам. Олар жұмыстан декреттік демалыс алды. Біз бұл ер адамдардың шешіміне ешқандай тыйым салмаймыз. Бірақ жалпы бала күтімі бойынша төлемді ата-ананың біреуі ғана ала алады", – деп түйіндеді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980852-byltyr-elimizde-35-myn-er-adam-dekrettik-demalysqa-syqqan/

pixel