Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл басынан бері пияз бағасы екі есеге қымбаттаған

Опубликовано:

Пияз екі есеге қымбаттады
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Жыл басынан бері елімізде пияз бағасы екі есеге қымбаттаған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері пияз бағасы 109 пайызға яғни 2 есеге қымбаттаған.

"Бұл соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсім орта есеппен 2-3 пайызға жетіп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Министрлік республика бойынша пияздың орташа бағасы келісіне 191 теңге болса, ең жоғары баға Алматы облысында тіркелгенін атап өтті. Мұнда бір келі пияздың бағасы 308 теңге дейін жеткен.

Осы ретте министрлік пияздың неліктен қымбаттағанын түсіндірді.

Ведомствоның ақпаратынша, Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбаттауы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты болып отыр. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артқан.

"Арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 пайызын құрайды", – дейді Сауда және интреграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Министрліктің ресми өкілі пияз қорының жеткілікті болуына байланысты пияз экспортына тыйым жоқтығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980862-zyl-basynan-beri-piyaz-bagasy-eki-esege-qymbattagan/

pixel