Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, жаңбыр, жел: Демалыста ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 30 шілде-1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты алдағы демалыс күндері ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.

Яғни Қазақстанның кей аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ және жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тіпті нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Одан бөлек республиканың солтүстігінде түнде ауа температурасы +7 +12°С дейін төмендеуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы солтүстікте +15 +25°С, батыста +30 +35°С, орталық пен шығыста +20 +28°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +22 +33°С болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980927-bursaq-zel-zanbyr-demalysta-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel