Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайы аумағында төбелес шығарғандар қамауға алынды

Опубликовано:

әуежай
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы халықаралық әуежайының аумағында төбелес шығарған бұзақыларды қамауға алу санкцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов растады.

Оның сөзінше, 26 шілдеге қараған түні әуе айлағының автотұрағында үш мас ер адам төбелескен.

"Бұл туралы тәртіп сақшыларына көшеде өтіп бара жатқандар хабарлады. Төбелесіп жатқандар полиция қызметкерлерінің талаптарына агрессиямен жауап берген. Олардың бірі - бұрын сотталған 28 жастағы aзамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгірді, оны соққыға жыққысы келді. Ауыр қылмысты тоқтатқан тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оғын атқан болатын", - деді ол.

Рүстем Әбдірахмановтың сөзінше, төбелеске қатысушылар қолға түскен. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі – бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған.

Құқық бұзушылар әрекеті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігімен тіркелді.

"Сотқа дейінгі тергеу органы соттан күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады. Оны Түрксіб ауданының прокуроры да қолдады. Тергеу соты қылмыстың үш қатысушысын қамауға алуға санкция берді", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980946-almaty-auezaiy-aumagynda-tobeles-sygargandar-qamauga-alyndy/