Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан алты адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан алты адам қайтыс болды. "Самара-Шымкент" автожолының 1046 шақырымында тіркелген жол апатынан екі отбасы қара жамылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 30 шілде күні сағат 23:30 шамасында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қайтқан.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жолаушысы түгел қайтыс болған жеңіл көліктің ішінде екі отбасы болған. Көлікті айдаған жігіттің екі баласы жетім қалды. Қайғылы оқиға кезінде келіншегі қасында болған. 

“Ауыл іші азан-қазан. Қайтыс болған жігіт жаңадан үй салып болып еді. Біреудің жалғыз баласы. Сол үйіне жиһаз алып шапқылап жүрген. Өзі тұрғызған шаңыраққа кіре алмай қыршын кетті. Балалар қалаға қарай кештеу шыққан” , - дейді ауыл тұрғыны. 

Қайғылы оқиғаны полиция департаменті растады. 

“Оқиға түнде болды. "Хонда-Фит" автокөлігін тізгіндеген 32 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды”, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жол апатын туғызып, қарсы бағытқа шығып кеткен "Хонда-Фит" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал "Хонда-Фит" автокөлігінің жүргізушісі қасындағы 30 жастағы жолаушымен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981031-aqtobede-zantursigerlik-zol-apatynan-alty-adam-qaitys-boldy/

pixel