Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде есепші 3 жыл бойы әріптесінің зейнетақы аударымдарын иеленіп келген

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өскемен қаласында есепші әріптесінің зейнетақы аударымдарынан 1 млн теңге иеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 55 жастағы қала тұрғыны бірнеше жыл бойы зейнетақы жинағына ақша түспей келе жатқанын білмей келген.

Материалдарды тексеру барысында тәртіп сақшылары алаяқтық жасау фактісін анықтады.

"47 жастағы есепші 2019 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта өз пайдасын көздеп, жәбірленушінің зейнетақы қорына жалпы сомасы 1 000 000 теңге аудармаған.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ол өз кінәсін мойындап отыр", - делінген ақпаратта.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981044-oskemende-esepsi-3-zyl-boiy-ariptesinin-zeinetaqy-audarymdaryn-ielenip-kelgen/