Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда мас күйде көлік жүргізген полицей қызметінен шеттетілді

Жарияланған күні:

Полицей
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көкшетауда мас күйде рөлге отырған полицей ішкі істер органдарынан шеттетілді. Экс-полицей жақын арада сот алдына келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары жол жиегіне шығып кеткен Toyota Corolla ED көлігіне назар аударған. Полиция көлікті тоқтатып, жүргізушіні тексерген. Белгілі болғандай, көлікті полиция қызметкері мас күйде басқарған.

Мас күйінде рөлге отырған жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Басылымның хабарлауынша, ер адам жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан.

"Жүргізуші өз құқығын пайдалана отырып, қорғаушы бермегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша сотқа шағым түсірді. Сот шешімімен хаттама заңсыз деп танылды.

Кодекстiң 749-бабының 1-тармағына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қорғаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған адам бұл туралы өтiнiш жасаған жағдайда қатысуы мiндеттi. Алайда хаттаманы жасау кезінде жүргізуші қорғаушының қатысуы туралы өтініш білдірмеген, бұл оның қол қойған қолхат бланкісінен белгілі", - деп түсіндірді Көкшетау прокуратурасы.

Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама заңды деп танылып, бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылды. Ал тәртіп сақшысының өзі құқық қорғау қызметінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шеттетілді. Жақын арада ол жауапқа тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981096-koksetauda-mas-kuide-kolik-zurgizgen-policei-qyzmetinen-settetildi/