Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының танысы болуы мүмкін": Полиция департаменті балаларға кімдердің зорлық көрсететінін айтты

Опубликовано:

Педофилдер қай жақтан шығады
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облыстық полиция департаменті педофилдерге қатысты сұраққа жауап беріп, бала өміріне кімдердің жиі қол сұғатынын айтты, деп жазады Диапазон басылымы.

Педофилдерді анықтау үшін анкета жүргізіледі, бірақ қылмыскерді ұстау үшін бұл әдістің айтарлықтай көмегі жоқ.

"Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстың басым көпшілігі - балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық. Оның ішінде, сексуалды зорлық көрсететіндер қатары көп. Негізінен, жәбірленушіге зорлық көрсететін адам оның отбасына жақын жүреді.

Мәселен, педофилдер баланың анасымен бірге тұратын ер адам, сол үйдің таныстары мен туысқандары арасында жиі кездеседі", - дейді жергілікті полиция департаменті басшысының орынбасары Амантұрлы Тәкешев.

Полицейлер анкеталау тәсілінің қылмысты ашу кезінде көп көмектеспейтінін айтады. Көп жағдайда тәртіп сақшылары қылмыс жасалған соң іспен бетпе-бет келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981119-anasynyn-tanysy-boluy-mumkin-policiya-departamenti-balalarga-kimderdin-zorlyq-korsetetinin-aitty/

pixel