Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісайда көршісінің 16 млн теңгесін қолды еткен әйел ұсталды

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Жетісай тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп, оның 16 миллион теңгесін қолды еткен. Ол Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беремін деп алдаған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамның айтуынша, оның танысы Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беретінін айтып, сеніміне кіріп, жалпы 16 130 000 теңге ақшасын және 2 млн теңгелік алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші көрші болып шықты. Ол жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981145-zetisaida-korsisinin-16-mln-tengesin-qoldy-etken-aiel-ustaldy/

pixel