Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иті көршісінің тауықтарына шапқан: Павлодар облысында тұрғын біраз шығынға батты

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында көршісінің тауықтарын қырып кеткен иттің иесі шығынды өтейтін болды. Тараптар өзара келісімге келген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ветеринариялық станцияның мәліметінше, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторымен бірге Ақтоғай аудандық ветеринария бөлімінің басшысы барған.

"Ақтоғай ауданында қаңғыбас ит 28 тауықты жайратып тастаған. Келтірілген шығынды иттің иесі өтейді. Иттің қаңғыбас емес екені анықталды. Оны үйдің иесі қараусыз қалдырған. Қазіргі уақытта ит байлауда", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе қаласының маңындағы Ақжар-1 ауылында бір үйдің 20-ға жуық қазы мен тауығын қаңғыбас иттер қырып кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981155-iti-korsisinin-tauyqtaryna-sapqan-pavlodar-oblysynda-turgyn-biraz-sygynga-batty/

pixel