Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Мұхтар Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін

Опубликовано:

Мұхтар Әблязов
Фото: inbusiness.kz

Франциядағы босқындар ісі жөніндегі сот Мұхтар Әбілязовты алаяқтық жасады деген айыппен Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ оған елде саяси босқын ретінде қалуға рұқсат етілуі де мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі EU Reporter басылымына сілтеме жасап.

Әблязовтың мәртебесі туралы шешімді Францияның Баспана беру жөніндегі ұлттық соты (CNDA) шығаруы тиіс.

Paris Match зерттеуіне сүйенсек, Қазақстандық олигархқа баспана беру туралы шешім француз саясаткерлерін алаңдататын көрінеді. Себебі, олар CNDA Әблязовқа елде қалуға рұқсат берсе, бұл олардың Қазақстанмен қарым-қатынасын нашарлатады деп қауіптенеді.

Айта кетейік, Франция мен Қазақстан арасында маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар.

Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 2009 жылы кетті. Осыдан кейін ел билігі оны БТА банктен 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыптаған еді.

Қазіргі кезде ол Францияда саяси баспана алуға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981202-baq-muxtar-ablyazov-franciyadan-ekstradiciyalanuy-mumkin/

pixel