Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі уақытша жабылады

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты бір аптаға жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

"2-8 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Мәңгілік Ел даңғылының Достық көшесінен Сарайшық көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көлік айырымына дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсемі жұмыстарын бастайды

Осыған байланысты әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді көлік басқармасынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981221-elordada-mangilik-el-dangylynyn-ucaskesi-uaqytsa-zabylady/

pixel