Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз тұрғыны жоқ қантты сатты деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Аты бар, заты жоқ қантты сатып жіберген
Көрнекі фото: Pixabay.com

Тараз тұрғыны жоқ қантты 2 миллион теңгеге сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаменті ресми Instagram парақшасында.

Өткен жұмада Тараз полициясына облыс орталығының тұрғындарынан арыз келіп түсті. Оларға бейтаныс азаматша қантты төмен бағамен сатуға уәде бергенін, бірақ алдап кеткенін айтып, арызданған.

Ақшаны иемденген соң азаматша байланысқа шықпай қойған. Шығын сомасы 2 млн теңге екені айтылған.

"Anti-fraud" жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады", – делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981222-taraz-turgyny-zoq-qantty-satty-degen-kudikke-ilindi/