Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шекарасында жалған құжаттары бар екі шетел азаматы ұсталды

Опубликовано:

Шекара бекеті
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысындағы Өзбекстан-Қазақстан шекарасында "Жібек жолы" өткізу пункті қызметкерлерінің назарын аударған екі ер адамнан жалған құжаттар табылды, деп хабарлайды ІІМ ресми медиа-порталы Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-на "Жібек жолы" шекаралық бақылау-өткізу пункті қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде Өзбекстанның екі азаматының құжаттары күдік тудырғаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетеді.

"Елден шығатын екі азаматтың құжаттары мұқият тексерілді. Нәтижесінде шетелдіктердің құжаттары жалған екені белгілі болды", – деді полиция қызметкерлері.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" дерегі бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, қазір сотқа дейінгі тергеудің барлық жиналған материалы Сарыағаш аудандық сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981227-qazaqstan-sekarasynda-zalgan-quzattary-bar-eki-setel-azamaty-ustaldy/

pixel